Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Жасөспірім қыздар арасындағы баскетболдан Қазақстан чемпиондары анықталды

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 14:29

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Щучье қаласында 2004 - 2005 жылғы қыздар арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметі бойынша, турнирдің финалдық кездесуінде ақмолалық баскетболшы қыздар Нұр-Сұлтан қаласынан қарсыластарынан басым түсті. Ал жүлделі үшінші орынға қостанайлық баскетболшы қыздар лайық деп танылды.

«Жарыс тартысты өтті. Жерлестеріміз шебер ойын өрнегін көрсетті. Бұған жерлесіміз Камила Аманжолованың чемпионаттың үздік ойыншысы атануы айқын дәлел», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Айта кетейік, елордалық команда ақмолалықтардың басты қарсыласы. Жыл сайын осы екі команда басты жүлде үшін тартысады. Ақмолалық команданың жаттықтырушылары Татьяна және Виктория Волковалардың айтуынша, командасы 2017 және 2018 жылдары республика чемпионы атанған. Биыл тағы жеңіс тұғырына көтеріліп отыр.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай