Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Жаслан Мәдиев ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

2019 жылдың 9 сәуір 2019 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаслан Мәдиев Серік Жұманғариннің орнына ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Осыған дейін аталған қызметті атқарған С. Жұманғарин берген өтініміне сәйкес лауазымынан босатылды.

Ж. Мәдиев 1983 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған.

«Альянс Банк» АҚ, ҚР Ұлттық банкінде, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарған.

Әр жылдары «Ұлттық инвестициялық корпорация» АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2017 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды.

Жоғары қарай