Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жас мамандарға жарты миллион теңгеден беріле бастады

2019 жылдың 3 сәуір 2019 20:24 1063

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Кәсіподақтар федерациясы «SENIM» салалық кәсіподағымен бірлесе отырып, жас мамандарға 500 000 теңге көлемінде көтерме ақы беруді қолға алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 2 сәуірдегі ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Тапсырмалардың бірі - ауылдық елді мекендерде қызмет ететін жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету. Осы орайда облыстық және аудандық медициналық ұйымдарға қажетті жас мамандарды қолдау мақсатында ҚР Кәсіподақтар федерациясы «SENIM» салалық кәсіподағымен бірлесе отырып, ынталандырушы қосымша төлем («көтерме ақы») ретінде 500 000 теңгелік кәулікті бекітті. Оған үміткерлерді іріктеу бастауыш кәсіподақ ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылып, «SENIM» кәсіподағының облыстық атқару комитеті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының шешімі бойынша жүргізіледі», - делінген ресми xабарламада. 

Куәлікке ие болған маманмен арнайы шарт жасалады. Оған сәйкес, жас маман кем дегенде екі жыл медициналық мекемеде жұмыс істеуге міндетті. Бүгінгі таңда батыс және оңтүстік өңірлердің 36 маманы осы сертификатқа ие болып отыр. Алдағы уақытта медицина саласының жас мамандарына тағы да 30 куәлік табысталады. Жалпы, жыл соңына дейін жалпы сомасы 40 миллион теңгені құрайтын 80 сертификат таратылады деген жоспар бар. Осы орайда  ҚР Кәсіподақтар федерациясы жұмыс берушілерді осы бастамаға қосылып, аудандар мен ауылдарда қызмет ететін денсаулық сақтау саласының жас мамандарын қолдауға үндеп отыр. 

«Бүгінде жас мамандарға қолдау көрсету арқылы біз еңбеккерлердің денсаулығын жақсартамыз, жұмыс орындарындағы әлеуметтік қызметкерлердің беделін арттырамыз, қазақстандықтардың әл-ауқатты жас буынын тәрбиелеуге жәрдемдесеміз!», - делінген ұйымның үндеуінде. 

 

 

Жоғары қарай