Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Жас мамандарды баспанамен қамту үшін 21 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

2019 жылдың 19 наурыз 2019 13:31

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас мамандарды баспанамен қамту үшін 21 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Жастар жылының» ашылуы кезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында 2019 жылға Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың жалдамалы пәтер құрылысына 7,2 млрд теңге қарастырылды. Осылайша, жас мамандар үшін 3 жылда 3 мың пәтердің құрылысына 21,6 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді Роман Скляр.

Министрдің айтуынша, бюджетке қатысты барлық мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады және Мәжілістің қарауында.

Айта кетейік, Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатындығын айтқан еді.

Жоғары қарай