Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Жарылғыш заттың жарылуы: Алматы полициясы тексеруді бастады

2019 жылдың 16 сәуір 2019 19:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы ер адамның қолында белгісіз заттың жарылу оқиғасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 34 жастағы ер адам Жетісу ауданының тұрғыны. Полиция оның қолында жарылған заттың не екенін және қайдан шыққанын анықтайтын болады.

«Аталған дерекке байланысты Жетісу ауданының Полиция басқармасы тексеруді бастады», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазір пациенттің жағдайы ауыр. Қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Шокқа қарсы терапия жасалуда.

«Түскен кезде оған қосарланған жарақат, бассүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы, жарылыс күшінен сүйек тіндері зақымдала отырып, оң жақ қолының жарақаты, бас, мойын, кеуде қуысының, екі қолының 2-3-інші дәрежелі күйігі диагнозы қойылды. Екінші дәрежелі шокпен түсті. Денесінің 10 пайызын күйік шалған», - деді №4 қалалық аурухананың қосарланған жарақат бөлімінің меңгерушісі Дәурен Түсіпов.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Оқиға, Алматы, Аймақ,
Жоғары қарай