Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жарақатынан айыққан Әбілхан Аманқұл: Олимпиада жолдамасына таласамын

2019 жылдың 13 сәуір 2019 12:16 1161

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - Бокстан әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, 75 келідегі команда үздігі Әбілхан Аманқұл бірнеше ай бойы жарақатына байланысты жарыстардан сырт қалған еді. Ол бүгінде қатарға оралып, жаттығу жиындарына қатысып жүр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Әбілхан Аманқұл былтыр Ақтауда өткен Қазақстан біріншілігінің ақтық сынында иығын ауыр жарақаттап алған болатын. Содан бері спортшы Германияда ота жасатып, Австрияда ем алды. 

«Жарақатым, шүкір, жазылып келеді. Жаттығу жиындарын қайта бастап, ұлттық құрамаға оралдым. Иығыма Мюнхен қаласында ота жасатып, кейін Австрияда біраз ем алдым. Ұлттық Олимпиада комитеті білікті мамандардың қолына тапсырған соң, бәрі ойдағыдай өтті. Бүгінде командаластарыммен бірге АІВА-дағы спорттық базада оқу-жаттығу жиындарын өткізудемін. Алдағы Азия чемпионатына қатыса алмаймын. Жарақатымның толығымен жазалып кеткенін күту қажет. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, әлем чемпионатына қатысып, Олимпиада ойындарына лицензия алсам деген мақсатым бар», - дейді Әбілхан. 

Талантты боксшы өз салмақ дәрежесінде үздік спортшылардың көп екенін де жасырған жоқ. 

«Алғашқы жаттығу жиыны АІВА-да өтті. Сол кезде қолымды икемге келтіре бастадым. Ал қазір ақырындап бабыма еніп келемін. Дайындық өте жоғары деңгейде өтуде. Менің салмағымда үздік боксшылар өте көп. Әсіресе, Тұрсынбай Құлахметті ерекше атап өткім келеді. Азия чемпионатында біздің спортшыларға Тайланд, Өзбекстан елінің өкілдері қарсылас атанары сөзсіз», - дейді Аманқұл Әбілхан. 

 

 

 

Автор: Самал Қабышева
Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай