Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Жапонияда сағатына 360 км жылдамдықпен жүретін пойыздың прототипін көрсетті

2019 жылдың 11 ақпан 2019 00:20 1053

АСТАНА. ҚазАқпарат -JR East компаниясы жаңа ALFA-X жүрдек пойызының прототипін көрсетті, деп хабарлайды Sankei газеті.

Пойыз құрамы 10 вагонға есептелген. Мұндағы басты жаңа енгізілім - пойыз «тұмсығы» ұзындығының 22 метрге жетуі.

Бұл жаңа құрастырылым қажетті жылдамдықты қамтамасыз етіп және салондағы жолаушылардың тыныштығын сақтауға, сондай-ақ тоннелдердегі қысымды төмендетуге әсер етуі етуі тиіс.

Құрамды әзірлеушілер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар  сынақ кезінде жылдамдықты сағатына 400 шақырымға жеткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Көлік,
Жоғары қарай