Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 367.30
EUR 419.68
RUB 5.58
CNY 52.91

Жапонияда нөсер салдарынан құрбан болғандар саны 204 адамға жетті

2018 жылдың 13 шілде 2018 09:11 751

АСТАНА. ҚазАқпарат - Толассыз жауған жаңбыр мен су тасқыны, лай көшкіні салдарынан Жапонияда қаза тапқандар саны 204 адамға жетті. Бұл туралы жұма күні елдің бас полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

Kyodo агенттігінің дерегі бойынша, 60-тан астам адам із-түзсіз жоғалған және байланысқа шықпаған. Жергілікті жедел қызмет полициясы елдің өзін-өзі қорғау күштері сарбаздарының қолдауымен іздеу және құтқару операцияларын жүргізіп жатыр.

Өткен аптаның ортасында Жапонияға төнген «Прапирун» дауылы алапат нөсерді қоса әкелген болатын. Елдің кейбір аудандарында бірнеше күнгі жауын-шашын мөлшері 1000 мм-ден асып кетті. Мұншалықты алапат нөсер 1953 жылдан бері байқалмаған болатын. Ол кезде Жапонияның батысындағы Кюсю аралында 759 адам қаза тауып, 450 мыңнан астам адам баспанасыз қалған болатын.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай