Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Жапонияда екі кеме соқтығысып, біреуі мұхитқа батып кетті

2019 жылдың 26 мамыр 2019 09:26 1056

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапониялық екі жүк кемесі Тынық мұхитта, Тиба префектурасынан шамамен 11 шақырымдай қашықтықта соқтығысып қалды, деп хабарлады жексенбіде NHK телеарнасы.

 Салдарынан судноның біреуі суға батып кеткен. Борттағы экипаждың бес мүшесінің төртеуі із-түзсіз жоғалды. Кеме капитаны құтқарылды.

Апат түнде болған, тұман салдарынан ен нәрсе көрінбеген. Суға батып кеткен 1,6 мың тонна болат тиелген судно Осакаға бара жатқан.

Қазіргі уақытта жағалау күзеті із-түзсіз кеткендерді моторлы қайықтармен және тікұшақтармен іздестіріп жатыр.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай