Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Жапонияда анимация студиясында өрт шығып, 13 адам қаза тапты

2019 жылдың 18 шілде 2019 14:36 227

КИОТО. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні таңертең Жапонияның Киото қаласындағы аниме студиясында өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапты, деп xабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала дерек бойынша, 40 шақты адам түрлі жарақат алған, олардың басым бөлігі ес-түссіз жатыр.

Жергілікті полиция мен құтқарушылардың дерегі бойынша, белгісіз біреу анимациялық студияның орталығына жанатын сұйықтық төгіп, сол жерде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10:35-те өрт басталған. Мәйіттердің көбі Kyoto Animation Co. үш қабатты студиясының екінші қабатынан табылған. Өрт шыққан кезде 70-ке жуық адам жұмыс істеп жатқан. 

Полицияның xабарлауынша, белгісіз біреудің «Өл!» деп айқайлап, ғимаратты жағып жібергенін көрген куәгерлер бар. Оқиға орнынан пышақтар табылған. Полицияның дерегі бойынша, жарақаттанып, ауруxанаға жеткізілгендер арасындағы 41 жастағы ер адам өрт қойғанын мойындаған.

Kyoto Animation - Жапонияда «KyoAni» ретінде танылған жапониялық компания. Ол «K-On!» және «Харухи Судзумия меланxолиясы» (Suzumiya Haruhi no Yuutsu) атты телевизиялық анимациялық xикаяларды шығарған. Компанияның негізі 1981 жылы қаланған.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай