Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Жапония «Хагибис» тайфуны салдарынан сусыз қалды

2019 жылдың 18 қазан 2019 11:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Сұрапыл Хагибис тайфуны салдарынан Жапонияның орталық және солтүстік-шығыс бөліктеріндегі 100 мыңға жуық жеке тұрғын үйлер мен пәтерлер алтыншы күн сусыз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жапонияның қоғамдық телеарнасына сілтеме жасап.

Елдің орталық бөлігіндегі, соның ішінде астанасындағы, Хонсю аралының солтүстік-шығысындағы 98 мың тұрғын үй құбыр суынсыз қалған. Жергілікті тұрғындарға суды армиялық цистернамен әкелуде.

Қазіргі таңда Жапонияда белсенді іздестіру операциялары, сондай-ақ, 78 адамның өліміне себеп болған Хагибис тайфунының салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Елдің тағы да 9 азаматы із-түссіз жоғалған.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай