Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Жансейіт Түймебаев: Қазақстан халқы Ассамблеясы - азаматтық қоғамды дамытудағы жарқын мысал

2019 жылдың 5 қараша 2019 17:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесінің құрылғанына 27 жыл толады. Бұл туралы «Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жағдайы мен даму перспективалары» форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесінің құрылғанына 27 жыл толады. Бұл бастаманы бірінші болып қолға алған ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Бүгінгі таңда АӨСШК құрамына 27 мемлекет, 8 бақылаушы ел және 5 халықаралық ұйым кіреді», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев.

Оның айтуынша, 2014 жылы 5 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы мен АӨСШК арасында меморандумға қол қойылған.

«Келесі жылы Ассамблеяның 25 жылдығы тойланады. Бұл - Ассамблеяның қоғамдағы рөлін көтерудегі жаңа деңгей болмақ, сол себепті бүгінгі форумның тақырыбын осылай атадық. Қазақстан халқы ассамблеясы - азаматтық қоғамды дамытудағы жарқын мысал», - деді ол форумның ашылу салтанатында.

Жоғары қарай