Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Жансейіт Түймебаев: Ғылыми кеңес қоғамдағы процестерді терең талдауы тиіс

2019 жылдың 19 маусым 2019 17:05 1204

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бүгін ұлы тарихымыздың тағы бір шебіне тәуелсіздігі бекем, болашағы айқын ел ретінде қадам бастық. Осының бәрі қоғамдық бірлік пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау мен ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай алуымыздың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтің сайлауалды бағдарламасында айқындалған Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу принциптерімен ұштасады. Сабақтастық деген ол қоғамның бірлігін сақтау, ел азаматтарының тұрмыс сапасын арттыру. Осы орайда қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси-рухани өзгерістер мен жаңаруларды жүргізуге Ассамблея белсене атсалысуда. Шынында да, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы - саяси тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық келісімнің, ел тыныштығы мен бірлігінің белгісі болып отыр», - деді кеңес отырысында Жансейіт Түймебаев.

Оның айтуына қарағанда, Ассамблея уақыт талабына сай жұмыс жүргізуі тиіс.

«Жұмыстың тың әдістері мен амалдары керек. Ғылыми-сараптамалық кеңестің басты міндеті осы деп білемін. Біріншіден, Ғылыми-сараптамалық кеңес қоғамдағы процестерді терең талдай білуі тиіс. Жаңа трендтер мен тегеуріндер мен қауіптерді айқындауымыз керек. Ол үшін шынайы саясатқа терең интеграцияланған абзал. Екіншіден, ғалымдар мен сарапшылар қоғамдық-саяси алаңды құруы тиіс. Ресми басылымдарда ғана емес, әлеуметтік желіде де нақты әрі ұғынықты түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек», - деді ол.


null 

Айта кетсек, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің құрамында 52 ғалым кіреді: оның ішінде 31 ғылым докторы, 12 ғылым кандидаты, зерттеу институттарының басшылары және қоғам қайраткерлері бар. ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы ҚХА ҒСК-ның жұмыс атқару органы болып есептеледі.

Барлық өңірлерде ғылыми-сараптамалық топтар құрылған. ҚХА ҒСТ-ның ғылыми базасы - аймақтық ЖОО-лар. Қызметке барлығы 262 адам жұмылдырылған. Оның ішінде ғылым докторлары - 57, ғылым кандидаттары - 117, PhD докторлары - 5.



null 

 

Жоғары қарай