Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Жанкүйерлер Сочи әуежайында Димашты гүлдің астында қалдырды

2019 жылдың 18 қазан 2019 01:33

CОЧИ. ҚазАқпарат – Ресейдің Сочи қаласына ұшып келген қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері әуежайдан гүлдермен және ду қол шапалақпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әншінің Instagram-дағы фан-аккаунты әуежайға ресейлік, қытайлық, тіпті америкалық жанкүйерлер жиналғанын жазды. «Барлығы ертеңгі концертті тағатсыздана күтеді», - делінген онда.




Фото және видеокадрлардан жиналған жұрт қазақстандық әртісті гүлдердің астында қалдырғанын көруге болады. Бір шоқ гүлін тарту еткен фанаттардың бірі оларды өзінің бағында өсіргенін айтып өтті.

Айта кетейік, 18 қазан күні Сочи қаласында WOW-арена жаңа концерттік, ойын-сауық алаңы ашылады. Димаш Құдайберген нысанның ашылу салтанатына орай жеке концертін өткізеді. Ал 19 қазанда мұнда аралас жекпе-жектен Fight Nights Global-дың титулдық айқасы өтеді. Алаңда Али Багаутинов пен Жалғас Жұмағұлов күш сынасады.

«Бұл алаң түрлі концерттік, спорттық шаралардың өткізілуіне арналған. Мұнда арнайы қонақ ретінде шақырылып отырмын. 18 қазан күні концертке келіңіздер», - деді әнші арнайы түсірілген видеода.

Айта кетейік, Д. Құдайберген қараша айында Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 10 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) «Arnau tour ENVOY» жеке концертін береді. Таяуда концерттің проморолигі жарияланды.







Жоғары қарай