Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Жаңқош Тұраров Нұр-Сұлтанда титулдық жекпе-жекке шығады

2019 жылдың 15 мамыр 2019 11:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (22-0, 15КО) 6 шілде күні елордада өтетін кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңқош Тұраров біршама үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, жақын арада жекпе-жек өткізетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Боксшының келесі айқасына қатысты менеджері Асқар Салықбаев нақты датаны атаған. Оның айтуынша, Жаңқош 1 маусым күні Уэльс астанасы Кардиффеде келесі айқасын өткізеді. Жаңқоштың қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Уэльстен кейін Жаңқоштың Нұр-Сұлтан қаласында титулдық жекпе-жекке шығуы жоспарланған. Кәсіпқой бокс кеші 6 шілдеге белгіленген.

«6 шілдедегі кездесуіне келер болсақ, айқас жайлы толыққанды мәлімет 20 мамырда белгілі болады. Ол бокс кешінде Тұраров қана емес, қазақстандық бірқатар белгілі кәсіпқой боксшылар шаршы алаңға шығатынын айта кету керек. Себебі, MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырғандардың ішінде Сұлтан Зауырбек (6-0, 4КО), Әбілқайыр Шегалиев (5-0, 4КО), Виктор Коточигов (9-0, 4КО), Нұртас Әжбенов (5-0, 1КО) пен Әли Балоев (8-0, 7КО) бар», - делінген ВКонтакте желісіндегі «Қазақстан кәсіпқой боксы» парақшасында.

Нұр-Сұлтандағы бокс кешін MTK Global-мен бірге Тop Rank америкалық промоутерлік компаниясы өткізеді. Top Rank-тың басты клиенттері ретінде Теренс Кроуфордты (35-0, 26КО), Василий Ломаченконы (13-1, 10КО) атап өтуге болады. Аталмыш промоутерлік компанияда, сонымен бірге Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2КО), Асхат Уәлиханов (4-2, 2КО) пен Сағадат Рахманқұлов (4-1, 2КО) бар.

Еске сала кетсек, MTK Global менеджерлік компаниясы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраровпен (22-0,15КО) келісімшартқа отырғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай