Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 383.98
EUR 430.63
RUB 6.11
CNY 55.83

Жаңқош Тұраров елордадағы бокс кешінде WBO белдігі үшін айқасады

2019 жылдың 19 маусым 2019 17:43 917

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жаңқош Тұраров (23-0, 16 KO)  6 шілде күні өтетін бокс кешінде WBO Inter-Continental чемпиондық белдігі үшін жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, Жаңқош Тұраров 6 шілде күні елордадағы «Барыс-Аренадағы» бокс кешінде өнер көрсететіні бұған дейін хабарланған болатын. Көп өтпей Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы оның қарсыласының есімін атаған. Аталмыш кеште Жаңқош аргентиналық Мауро Годомен (31-4-1, 16КО) қолғап түйістіреді.

 «Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында хабарлағандай, Нұр-Сұлтан қаласындағы бокс кешінде 11 жекпе-жек өтеді. Оның төртеуі титулдық дәрежеде болса, 1-і WBC әлемдік белдігі үшін өтеді.

«Басты жекпе-жекте отандық боксшы Жаңқош Тұраров бірінші орта салмақтағы WBO Inter-Continental чемпиондық белдігі үшін айқасады», - делінген хабарламада.

Кешті MTK Global-мен бірге Тop Rank америкалық промоутерлік компаниясы өткізеді. Оны америкалық ESPN телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Top Rank-тың басты клиенттері ретінде Теренс Кроуфордты (35-0, 26КО), Василий Ломаченконы (13-1, 10КО) атап өтуге болады. Аталмыш промоутерлік компанияда, сонымен бірге Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2КО), Асхат Уәлиханов (4-2, 2КО) пен Сағадат Рахманқұлов (4-1, 2КО) бар.

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай