Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жандарбек Бекшин: Қазақстанда қызылша өршіп тұрған жоқ

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 12:40 843

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда қызылшаның жаппай таралмағандығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстанда қызылшаға шалдығудың ең жоғар деңгейі 2005 жылы тіркеліп, 16 мың адам ауырған болатын. Соңғы ушығу 2015 жылы орын алып, сол кезде Қазақстанның 1,5 мыңнан астам тұрғыны ауырды. Қазіргі уақытта  қызылша өршіп тұр деуге келмейді. Өздеріңіз де көріп отырғандай, қызылша айта қоярлықтай инфекция емес. Біз оны симптомдық емдейміз. Ең бастысы дәрігерге дер уақытында қаралу қажет", - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның дерегінше, бүгінге дейін еліміздің аумағына қызылшаға шалдығудың 700-ден астам дерегі тіркелген.

 

 

Жоғары қарай