Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Жаңаөзенде жезөкшелер ордасы анықталды

2019 жылдың 12 шілде 2019 22:37 317

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде жүргізілген рейд барысында жезөкшелер ордасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық моншадан жеңіл жүріске салынған 11 қыз анықталды. Олардың ең жасы 24-те, үлкені 35-те. Тәнін саудалағандар Тараз, Шымкент пен Алматы облысынан келген. Нысанды жалға беруші 41 жастағы әйел мен екі қызметкер жеңіл жүрісті қыздарды саудалаған. Қызметі үшін айына әр қыздан 35 мың теңге алып отырған.

«Жеңіл жүрісті қыздар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде болмағаны үшін 17 мың айыппұл төледі. Сондай-ақ, бес жыл бойы ақпараттық аналитика бөліміне жезөкше санатына тіркелді. Бұрын да жеңгетайлықпен айналысып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған 2 қызметкер мен моншаны жалға беруші 41 жастағы Жамбылдық әйелге қылмыстық іс қозғалды. Олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,-дейді Жаңаөзен қалалық ПБ АБ анықтаушысы Ержан Балғабаев. 

 

 

Жоғары қарай