Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Жаңаөзенде кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы ажал құшты

2019 жылдың 8 қараша 2019 20:45

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самал» шағын ауданы №20 үйдің жертөлесіне кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы тоққа түсіп, қайтыс болды. Көз жұмғандар (Қаналиев Ержан – 1975 жылғы, Қуаныш Серіков – 1970 жылғы) — «Коммуналдық қызметтер» ЖШС қызметкерлері. Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық станциясының Жаңаөзен қаласындағы филиалына 14:46 шамасында шақыру келген. Фельдшерлер 14:50-де оқиға орнында болып, олардың өлімін тіркеген.

Оқиға орнына қала әкімі Мақсат Ибағаров барып, жағдайымен танысып, марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай