Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 354.12
EUR 416.73
RUB 5.37
CNY 51.65

Жаңаөзенде асыранды баласын ұрған әйел видеоға түсіп қалды

2018 жылдың 13 шілде 2018 01:07 1217

ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат - Жаңаөзенде төрт жасар баланы ұрған әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы көп қабатты үйдің біріндегі балконда әйелдің 4 жасар баланы  ұрған сәтін көршілері бейнежазбаға түсіріп, желіге жариялаған.

Оқиға 8 шілде күні болған. Жаңаөзен қалалық қорғаншылық қамқоршылық бөлімінің мамандары бейнетаспа жазбасы бойынша баланы ұрған әйелді анықтады.

«Жылына бір рет неке және отбасы заңына сәйкес тексеріп тұрамыз. Тексеру нәтижесінде баланың дені сау, жағдайы жақсы болды. Балабашаға барады. Ол кезде бізге шағым түскен жоқ»,-дейді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы Фариза Бекжанова.

Белгілі болғандай, жаңа отбасынан салқындық емес, жылулық көрем деп барған 4 жасар Әлиханды 51 жастағы жаңаөзендік әйел 1 жыл бұрын Ақтөбедегі балалар үйінен алып, бауырына басады. Балабақшаға беріп, қамқорлығына алады. Ұстаз болып қызмет ететін ол өзінің бұл әрекетін бала «балконға шығып кеткесін, құлайсың деп» ұрдым деп түсіндірген.  

«Әлеуметтік желіге шыққан азаматшаның жеке басы анықталды. ҚР ҚК-141 бабымен, күдіктінің  ісі тергеліп жатыр»,-дейді Жаңаөзен қалалық ІІБ ТБ тергеушісі  Шоқан Мыңбаев.

Ал шешесінен таяқ жеген баланың денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді.

"Өгей анасынан таяқ жеген сәби қазір қалалық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы бірқалыпты", - дейді дәрігерлер.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай