Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды

2019 жылдың 18 қазан 2019 13:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Жаңаөзен қалалық сотының судьясы 500 мың теңге пара алғаны үшін 3жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.С. Сейілхановаға және сол қаладағы әкімдіктің ТКШ бас маманы А.Е. Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

А.Сейілханова Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы үкім шығарғаны үшін азамат А.Е.Ақназаров арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет соттың ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы соттың Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.

«17 қазанда Ақтау қалалық сотының үкімімен А.Сейліханова сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы сот үкімімен А.Ақназаров та сотталып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді», делінген хабарламада.

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Жоғары қарай