Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

Жаңа заң жобасы бойынша әнші фонограмма қолданатынын ескертуі керек - Күміс Сейітова

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші фонограмма қолданатын болса, оны өзі туралы жарнама жасаған кезде міндетті түрде хабарлауы керек. Бұл туралы «Концерттік-гастрольдік қызмет бойынша мемлекетік концерттік ұйымдардың республикалық орталығының» тұсаукесерінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен музей, кітапхана, театр және концерттік сала бойынша төрт орталық ашылып жатыр. Мұның бәрін үйлестіретін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, оның ішінде Мәдениет және өнер істері департаменті. Бүгінгі күні концерттік-гастрольдік жұмыс бір жүйеге қойылмаған. Соның салдарынан өңірлік деңгей түгілі, республикалық деңгейдегі бірнеше ұйым бір аймаққа бір мезгілде барып, концерт өткізіп жатады. Бұл - дұрыс емес жағдай. Осының бәрін бір жүйеге қою үшін осы орталық құрылып отыр», - дейді Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова.

Ол бұл орталық концерттік жүйеде бар барлық мәселемен айналысатыны туралы айтты.

«Бүгінгі күні біз Мәдениет туралы заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Заңнамамыз кеше өткен мәжілістің бірінші отырысында талқыланды. Заң жобасы бойынша бірнеше мәселені көтеріп отырмыз. Біріншіден, фонограмманы қолданатын орындаушы өзі туралы жарнама жасаған кезде, билет сататын кассада міндетті түрде ол туралы хабарлауы керек. Оны хабарлау тәртібін заң қабылданған соң бұйрықпен бекітеміз. Екіншіден, концерт өткізген кезде орындаушының мінез-құлқы дұрыс болуы керек. Бұл туралы концерт ұйымдастыратын адам немесе ұйым өзінің келісімшартында жазып қоюы керек. Үшіншіден, балағат сөздері бар репертуарларға жол берілмеу керек. Осы үш талапты талқылап, сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша протокол жазып, осы мәселені тағы көтереміз», - дейді ол.


Жоғары қарай