Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Жаңа вагондар сатып алу үшін халықаралық тендер жарияланады

2019 жылдың 22 қазан 2019 13:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан келесі жылы жаңа вагондарды сатып алу бойынша халықаралық тендер жариялайды. Бұл туралы елордадағы бүгінгі жаңа вагондардың таныстырылымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компаниямыздың алдында билет бағасын көтеру мәселесі тұрған жоқ. Басты міндетіміз – «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың экономикалық тиімділігін арттыру, жаңа стратегияны әзірлеу және компания қызметінің сұранысын арттыру. Әзірге компанияны дамытудың бірнеше жолын көріп отырмыз: бірінші қадам – 2020 жылдың жазына дейін сұранысқа сай вагондардың санын арттыру. Сондай-ақ, қазіргі вагондар паркіне технологиялық қызмет көрсету сапасын жақсартқымыз келеді. Екінші қадам – биыл компанияны дамытудың стратегиясын әзірлейміз. Яғни, бізге қандай және қанша вагон қажет екенін айқындап, вагондар нарығы қазір қалай дамып келе жатқанын біліп алу керек. Келесі жылы вагон сатып алу бойынша халықаралық тендер жарияланады», - деді Михаэль Кортюм.




Еске сала кетсек, бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм мен «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Рамазан Тілеуленов елордадағы Нұр-Сұлтан-1 станциясында жаңа вагондарды таныстырған болатын.

Айта кетейік, биыл отандық темір жол паркіне ТВЗ технологиясы бойынша 63 жаңа вагон қосылып отыр. Оның 25-і осыдан үш ай бұрын іске қосылып, шілде айынан бері «Алматы-Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын пойыздардың қатарын толықтырған. Екінші партия 15 вагон қыркүйек айында пайдалануға берілсе, соңғы 23 вагон бүгін қолданысқа енгізіліп отыр.














































Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Көлік, Қоғам, ҚТЖ,
Жоғары қарай