Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

2019 жылдың 14 қараша 2019 19:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріле бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап.

Министрлік бұрын берілген жүргізуші куәліктері мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Жүргізуші куәлігі қызмет мерзімінің уақытында жарамды бола береді (жүргізуші куәлігі берілген күннен бастап 10 жыл бойы, КҚ тіркеу туралы куәлік – оны кейін ауыстырғанға дейін). Аталған құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгермейді және ол бұрынғыша 1,25 АЕК-ті құрайтын болады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді.

Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қоғам,
Жоғары қарай