Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Жаңа Президент елдегі экологиялық мәселелерге көңіл бөлуі керек - «Жасыл Ел» штабы

2019 жылдың 12 сәуір 2019 21:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы ҚР Президенті сайлауын қолдау туралы үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көпшілікке мәлім, осыдан бірнеше күн бұрын жастар атынан үндеу жолдаған болатынбыз. Бүгінгі шарамыздың басты мақсаты - сол үндеуді «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының өкілдерімен талқылап, кеңінен насихаттау. Өздеріңіз білетіндей, «Жасыл Ел» - тек қана жастар ұйымы емес, экологиялық жастар ұйымы болып саналады. Сол себепті, кандидаттардың өз бағдарламаларында экологиялық мәселелерді қозғаса деген тілегіміз бар. Алдағы уақытта дұрыс таңдау жасау үшін кандидат бағдарламаларын жіті бақылап, оқып шығамыз деген ойдамыз», - дейді «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы жетекшісінің орынбасары Азамат Данияр.

Сонымен бірге, штаб өкілі «жасылелдіктердің» қоғамға ой салатын науқандар жүргізетінін атап өтті.

«1 апта бұрын #TrashTagKz науқанын жарияладық. Бұл әлемдегі ең танымал челлендждердің бірі, оның басты мақсаты - көпшіліктің назарын қоқыспен ластанған аумақтарға елдің назарын аудару. «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылы Елбасы бастамасымен құрылған. Ұйым жыл сайын 18 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамтиды», - деді Азамат Данияр.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президенттік сайлау өтеді. Бұл туралы республикалық телеарналардан Қазақстан халқына үндеу жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінің толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.



Фото: zhastar-07.kz

Жоғары қарай