Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Жамбылдық полицейлерге 102 су жаңа қызметтік көлік берілді

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 01:27

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдық полицейлерге құқық бұзушыларды іздеу және құрықтау бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған 102 су жаңа қызметтік көліктер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараз қаласының орталық алаңында өткен салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев қатысып, патрульдік полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті. Қызметтік көліктер заманауи жабдықтармен жабдықталған.

«Ағымдағы жылдың шілде айында 131 автокөлік учаскелік инспекторларға берілген болатын, ал 2020 жылы әрбір УПИ көлікпен қамтамасыз ету жоспарда қарастырылған. Бұл ең алдымен облыстың шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы орган тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтауға бөлінетін қаржы көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді және оң нәтижесін беруде. Облыста биыл тіркелген қылмыс саны төмендеген. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау - қылмыстың санын азайтуға септігін тигізуде деп ойлаймыз»,- деді Арман Оразалиев.

Айта кетейік, жергілікті бюджеттен соңғы үш жылда облыстық полиция департаментін қаржыландыруға 19 миллиард теңге қаражат бөлінсе, биыл облыстық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі - 9,2 миллиард теңге. Сондай-ақ, биыл полиция департаментін материалдық-техникалық жабдықтау, оның ішінде автокөлік құралдарын сатып алу үшін 486 миллион тенге қаралған.


Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Заң,
Жоғары қарай