Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 387.48
EUR 428.98
RUB 6.05
CNY 54.93

Жамбылдық полицейлер шетелге жұмысқа баруға ниетті тұрғындарды сауатты болуға шақырды

2019 жылдың 19 қараша 2019 06:35

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық полиция департаменті өңір тұрғындарын шетелге жұмысқа барарда құжат пен қаржылық тұрғыда барынша сауатты болуға шақыруда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары Бельгия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және тағы да басқа экономикасы дамыған мемлекеттерден азаматтарға жалақысы көп жұмыстар ұсынып, алдап кеткен алаяқтар қатары күн санап көбейіп келеді. Олар виза рәсімдеу, жұмысқа рұқсат алу секілді қызметтерді жүзеге асыруға деп алдын ала төлем алып, сосын түрлі себептермен аталған қызметтерді орындаудан жалтарады немесе мүлдем байланысқа шықпайды», -делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ,Полиция департаменті аталған мәлімдеме азаматтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерде жұмысқа орналасу кезінде алданып қалмау мақсатында қызмет ұсынушы рекрутингтік агенттіктер туралы жан-жақты мәлімет жинап, заңдылығына мұқият назар аударуға, олар туралы пікірлер мен ақпараттарды жіті тексеру керектігін ескертеді.

Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Заң,
Жоғары қарай