Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Жамбылдық полицейлер саңырауқұлақ теремін деп жоғалып кеткен әжені тапты

2019 жылдың 22 сәуір 2019 21:15

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының полицейлері тауда саңырауқұлақ теріп жүріп жоғалып кеткен әжені тауып, туыстарына табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2019 жылдың 20 сәуірінде Жамбыл аудандық полиция бөлімінің 102 тетігіне Тараз қаласының тұрғыны Александр Ан қоңырау шалып, 80 жастағы әжесі Вера Кимнің саңырауқұлақ теріп жүріп жоғалып кеткендігі туралы, сондай-ақ өздерінің 4 сағат бойы іздестіріп таба алмай жатқандығын хабарлаған. Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері әжені іздестірді», - делінген хабарламада.

Кейуана В.Ким Жамбыл ауданына қарасты «Күйік» тауының бөктерінен табылып, туысқандарына табысталды.

Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай