Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Жамбылдық оқушылар әл-Фараби туралы ғылыми жобаларын қорғады

2020 жылдың 28 ақпан 2020 17:20

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда «Әл-Фараби тағылымы» атты облыстық байқау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға қалалық және аудандық іріктеулерде топ жарған 70 оқушы қатысып, бақтарын сынады. Білім бәйгесі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...», «Данышпандықтың інжу маржаны...», «Мен сомдаған Фараби...» атты 3 номинация бойынша өтті.

Байқау барысында оқушылар әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қатысты интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, ұлы ойшылдың тіл, әдебиет, музыка, риторика, философия, жаратылыстану салаларындағы еңбектеріне қатысты ғылыми жобаларын қорғады. Одан бөлек қатысушылар ғұламаның өмір жолы мен шығармашылығы туралы сахналық қойылым қойып, сахна мәдениеті, киім үлгісі, актерлік шеберліктері бойынша бағаланды.




Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды Т.Рысқұлов ауданының командасы жеңіп алса, жүлделі ІІ орын Жамбыл және Меркі ауданының командаларына бұйырды. Ал, Байзақ, Талас аудандарының командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.














Жоғары қарай