Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Жамбылдағы «Руханият» орталығына Шерхан Мұртаза есімі берілуі мүмкін

2019 жылдың 29 қазан 2019 21:14

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза атындағы Руханият орталығы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, қазақ әдебиеті мен баспасөзінің белгілі тұлғасының есімін өңірдегі 3 мектеп және 2 кітапхана беру жолында бастама көтеріліп, ол бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова жеткізді.




Жаңадан бой көтеріп жатқан «Шахристан» этно-мәдени кешенінде «Руханият» орталығы салынып жатыр.

«Соған Шерхан Мұртазаның есімін беру ұсынысы облыстық мәслихат сессиясында қаралып, республикалық ономастикалық комиссияға жолдағанбыз. Комиссия қорытындысын күтіп отырмыз. Бұдан бөлек, Шерхан Мұртазаның есімін 3 мектепке және 2 кітапханаға беру туралы ұсыныстар түскен. Бұл ұсыныстарды облыс әкімі атынан хат дайындап Президент Әкімшілігіне жібердік», - деді Нәбира Сүйманова «Қазақ радиосына» берген сұхбатында.




Автор Жанғазы Ахметов
Басты сөздер: Жамбыл облысы,
Жоғары қарай