Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.40
EUR 427.36
RUB 5.86
CNY 56.08

Жамбылда жыл басынан бері газдан уланған 3 адам қайтыс болған

2019 жылдың 21 ақпан 2019 22:55 456

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында табиғи газбен улануға қатысты оқиғалар азаймай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде жыл басынан бері табиғи газбен улануға қатысты 5 оқиға тіркелген. Соның салдарынан 7 адам уланып, оның 3-уі қайтыс блған

Облыста 2018 жылы 22 газбен улану оқиғасы тіркеліп, салдарынан 44 адам зардап шегіп, оның 9-ы қайтыс болды. 2017 жылмен салыстырғанда улану саны 10-ға, зардап шеккендер саны 51-ге, ал қаза болғандар саны 80 пайызға артқан. Оқыс оқиғалардың орташа есеппен алғанда 50 пайызға жуығы табиғи газдан болған.

Биылғы жылыту маусымы кезінде мұржаның бітелуі немесе пештегі ақау салдарынан улануға қатысты 10 оқиға тіркелген. Барлығы 23 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған. Ал, жыл басынан бері көмірқышқыл газымен улануға қатысты 5 дерек тіркелген.

 «29 қаңтарда Шу ауданындағы жеке үйлердің бірінде көмір жағылатын пештің ақауынан 2 зейнеткерге иіс тиіп, көз жұмды. Ал 2 ақпанда Тараз қаласындағы жеке үйде табиғи газға арналған пештің ақауынан 1 адам уланып, қайтыс болса, 2 адам ауруханаға жатқызылды», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және сауықтыру қызметі басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев. 

 

 

Жоғары қарай