Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Жамбылда жемқорлыққа қарсы жаңа челендж бастау алды

2019 жылдың 6 қазан 2019 17:07

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы #параберме жаңа челенджі қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұд туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Дәурен Омаров хабарлады.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті #параберме хештегімен жаңа челленджді бастады. Барлық сала қызметкерлері мен өңір тұрғындарын және студент жастарды осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Жемқорлықпен күресу – ортақ міндет болса, онда қоғам көзқарасын өзгертуге бағытталған шараға бәріміз бірге атсалысайық», - деді ол.

Айта кетейік, облыста жемқорлық нәтижесінде келтірілген залалдарды өніру және сыбайластықты хабарлаған азаматтарды көтермелеу оң динамикада өсуде. Аталмыш департамент тарапынан қылмыстан келген залалды өндіру бағытында бірқатар жұмыс істеліп, оң нәтижелерге қол жеткізілген. Ағымдағы жылдың тоғыз айында қылмыстан келген залалдың соммасы 1,4 миллиард теңгені құраса, оның 975 миллион теңгесі өндіріліп, қылмыстық жолмен табылған 122,3 миллион теңгенің мүлігіне тыйым салынған.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу жолында да профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Есептік мерзімде 20 азаматқа 2,8 миллион теңге көлемінде сыйақы төленген.

Жоғары қарай