Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Жамбылда сегіз жасар қыз жоғалып кетті

2019 жылдың 25 сәуір 2019 21:26 1432

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Талас ауданында сегіз жасар қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, 24 сәуірде Қаратау қаласының тұрғыны Талас аудандық полиция бөліміне сегіз жасар қызының балалар өнер мектебіндегі сабағынан кейін үйіне оралмағаны туралы арызданған. 

Полиция дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Жоғалған қыз туралы ақпарат барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдеріне және еліміздің басқа облыстарына жіберілді. Ведомствоның мәлімдеуінше, жедел-іздестіру топтары баланы Қаратау қаласының барлық жерінен іздеген. Іздеу жұмыстарына полиция, төтенше жағдай қызметкерлері, мұғалімдер мен еріктілерден құралған 70-тен астам адам тартылды.

Белгілісі, 2010 жылғы Аруайды бимен шұғылдануға үнемі атасы апарып жүрген, алайда дәл сол күні ол үйіне жалғыз қайтқан.

«Бүгін сағат 11.00-дер шамасында кәмелетке толмаған Аруайды іздестіру барысында Қаратау қаласының шеткі ауданынан белгісіз өртенген мәйіт табылды. Мәйіттің тұлғасын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Киімнің қиқымдары бойынша жоғалған қыздың анасы бұл Аруайдың киімі деп болжам жасап отыр», - делінген баспасөз қызметінің xабарламасында.

Оқиғаға қатысты шұғыл пікір білдірген облыстық полиция департаментінің басшысы бұл жағдай толығымен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың және Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей бақылауында екенін мәлім етті. 

Алайда іздестіру жұмыстары әлі тоқтатылған жоқ. Полиция департаменті жоғалған Аруайға қатысты мәлімет білетіндер болса 8 (726 44) 6-08-28, 6-05-66, 6-29-16 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуын сұрайды.

Жоғары қарай