Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 387.34
EUR 428.44
RUB 6.04
CNY 54.58

Жамбылда «Мектепке жол» акциясы мешітте жалғасты

2019 жылдың 23 тамыз 2019 07:20

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Мектепке жол» акциясы аясында 500 балаға 500 мектеп сөмкесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

500 баланы мектепке дайындап, қуанышына ортақтасқан игі шараға ҚМДБ Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамдары Қанат Жұмағұл, мешіт қызметкерлері мен ата-аналар қатысты.




Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен басталған науқан барлық облыстарда, аудандарда жалғасын тауып келеді.

«Бұл шара жыл сайын республика көлемінде өтіп келеді. Биылғы жылдың өзінде ел аумағында 18 мың тегін сөмке тарату жоспарланған. Ал, бұл қайырымдылық шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйытқы болып отыр. Басты мақсат мешіт ішінде тегін сөмке бере отырып, ата-ана мен бала бойындағы имандылықты ояту»,-деді өз сөзінде ҚМДБ Халықаралық қатынас және хаттама бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров.

Дін мамандары балаларға арналған құрал-жабдықтар салынған сөмкелерді үлестіріп, қуаныштан жүздері бал-бұл жанған оқушыларға оқуда озат болып, тек үздік баға алуларын тіледі.

Ал өкіл имамы Қанат Жұмағұл қайырымдылыққат қол ұшын созған жомарт жандарды тілге тиек етіп, қаржы көзін жинауға негіз болған жақсылық жасауға асыққан халықтың өзі екенін айтып, алғыс білдірді.

«Жолың болсын балақай» атауымен өткен акция барысында сыйлыққа ие болғандардың бірі – көпбалалы ана Айгүл Алтынбекқызы. Ол білім ошағына баратын алты бүлдіршінін тәрбиелеп отыр. Көпбалалы ана балаларының барлығына бірдей мектеп жабдығын алуға ауыртпалық салғанын жасырмады. Алайда, «Мектепке жол» акциясын естіп, тізімге жазылған ол бүгінде бес бірдей баласына тегін сөмке алғанына шүкіршілік білдіріп, қуанышымен бөлісті.

Шара соңынан балалар мешіт ауласында арнайы құрылған алып батутта ойын ойнап, көңіл көтерді.







Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Білім, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай