Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Жамбылда құны 114 миллиард теңге болатын 18 инвестициялық жоба іске асады

2020 жылдың 19 ақпан 2020 13:22

ТАРАЗ. ҚазАқпарат- Жамбыл облысында жалпы құны 114 миллиард теңге болатын 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халықпен есепті кездесуінде атап өтіп, тиімді инвестициялық саясат ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптің 5 пайыздық өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Ең үлкен қуатты жобаларды «Еврохим минералды тыңайтқыштар», «Қазфосфат», «Qazaq soda», «KORSEM» және «TALAS INVESTMENT COMPANY» компаниялары жүзеге асырады.

«2025 жылға дейін жалпы құны 2,7 триллион теңге болатын 66 жоба іске асырылады, сол арқылы 11,4 мың жаңа жұмыс орнын құру көзделуде», - деп атап өтті облыс әкімі.

Жергілікті биліктің күн тәртібінде «Тараз «Химпарк« арнайы экономикалық аймағын дамыту міндеті тұр, оны шешу үшін жеті жобаны іске асыруға 648,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылады, бұл екі мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мақсатында 12 кәсіпорын жаңғыртылады, тағы төртеуі заманауи инновациялық технологиялар енгізеді.





Жоғары қарай