Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Жамбылда коронавирус жұқтырған үш қырғызстандық өз отанына жіберілді

2020 жылдың 9 сәуір 2020 19:18

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус инфекциясы анықталған үш қырғызстандық өз отанына қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жамбыл облысында бұған дейін коронавирус індеті анықталған 1958, 1975, 1984 жылдары туған қырғызстандық үш азамат өз еліне жіберілді. Үшеуі де жүк тасымалымен айналысқан. Олардан індет мемлекеттік шекараны өту кезіндегі тексеріс барысында анықталды. Арнайы автокөліктермен олар шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай Қырғыз Республикасының медициналық қызметтері алып кетті», - делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жұқпалы аурулар стационарында барлығы 41 науқас жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, облыс бойынша дәрілік заттар, медициналық жабдықтар, дезинфекциялық және жеке қорғану құралдары, ПТР мен тест-жүйелерін сатып алуға жалпы 860 млн теңге бөлінген. Оның 536 млн теңгесі ҚР Үкіметінің резервтік қорынан, 43 млн теңгесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қорынан, 281 млн теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған. Қазіргі уақытта облыстық медициналық мекемелерде сатып алу және жеткізу шаралары жүргізілуде.


Жоғары қарай