Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Жамбылда бір күнде 700-ден астам жол ережесі бұзылған

2019 жылдың 26 қазан 2019 04:38

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасының бірінші күні 700-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол»профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтың алдын алу мақсатына негізделген.

«Іс-шараның бірінші күнінің өзінде 728 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды. Оның ішінде 111 жаяу жүргіншілерге қатысты болса, 45 жүргізуші көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланғандығы белгілі болды. 153 факт жылдамдықты арттыруы бойынша, 68 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағандығы үшін жауапқа тартылған. Сондай-ақ, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 51 адам тоқтатылса, 16 жүргізуші мас күйінде көлік тізгіндегені анықталған. Айыппұл тұрағына барлығы 12 көлік қойылды», делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Жоғары қарай