Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Жамбылда автобустардың барлығы мүгедектерге қолжетімді емес

2019 жылдың 22 қараша 2019 12:38

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы қоғамдық көліктердің ешқайсысы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді емес. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың басында айларында Тараз қаласындағы 536 қоғамдық көліктердің 198-іне мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімділігі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Өкінішке қарай, қоғамдық көліктердің бірде-бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді емес»,-деді Балабек Нарбаев.

Оның айтуынша «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандар дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі, жәрмеңкесі, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды ынталандыру шаралары, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, аталған жоба шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат, дойбы, басқа да ойын түрлерінен спорттық шаралар өткізілген.

Ол ғана емес, ағымдағы жылдың наурыз, маусым және қыркүйек айларында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, Тараз қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша 26 бос жұмыс орындарының жәрменкесі өткізіліп, нәтижесінде 63 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылыпты.

Жоғары қарай