Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Жамбылда ауыр қылмысты ашуға үлес қосқан 5-сынып оқушысы марапатқа ұсынылды

2019 жылдың 29 сәуір 2019 18:45 1311

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарлағанымыздай Жамбыл облысында 8 жасар қыз жоғалып кетіп, өлі денесі табылған болатын.  Аталған аса ауыр қылмысты ашуда өзіндік үлесін қосқан Қаратау қаласының тұрғынын және Расул есімді бесінші сынып оқушысын марапаттау үшін облыстық полиция департаменті Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мырзаға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиевтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.  Департамент басшысы жоғалған қызды іздеу кезінде белсенділік танытқан барлық азаматтарға, соның ішінде балаларға, Аруайдың сыныптастарына алғыс білдіретінін жеткізді.

Айта кетейік, 2019 жылдың 24 сәуірінде Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны жоғалып кеткен болатын. Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні қаланың сыртынан  жоғалған қыздың мәйіті табылып, Полиция департаментімен қылмыстық іс «кәмелетке толмағанды өлтіру» бабына ауыстырылды.

27 сәуірде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қаратау қаласында болған жас баланы өлтіру дерегіне қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол күдікті ретінде танылып, Талас аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

«Күдіктінің қылмыстық іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 3 және 14-тармағымен сараланды. 28 сәуірде оған қатысты «қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда, барлық сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеп-тексеру амалдары  жүрзілуде»,- дейді А.Оразалиев.

  

 

 

 

Жоғары қарай