Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Жамбылда 355 елді мекен қоғамдық көлікпен қамтылды

2019 жылдың 19 қаңтар 2019 03:35 813

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы тұрғындар саны 100 адамнан асатын 355 елді мекеннің барлығы қоғамдық көлікпен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтыр облыстың  жол саласына  12,1 миллиард теңге бөлінген. Оның 1,8 миллиард теңгесі республикалық,  10,3 милиард теңгесі жергілікті бюджеттен қаралған. Бұл қаржыға барлығы 532,6 шақырым жол күрделі және орташа жөндеулерден өткен. Сонымен қатар, шағалды  жол салу жұмыстары атқарылыпты. Айта кету керек, бұл жөнделген жолдардың 145,4 шақырымы облыстық, 211 шақырымы аудандық маңызы бар автожолдар болса, 187,4 шақырымы елді мекен көшелері. Сондай-ақ, 1 көпірдің құрылысы жүргізіліп, 2 жол өткелі қайта жаңғыртылған.

 Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3,1 миллиард теңгеге 7 жоба іске асқан. Нақтылай айтсақ, 1 нысан жаңа көпір құрылысы, 1 нысан күрделі жөндеу және 5 нысан орташа жөндеуден өтуі жоспарланған. Оның 3-і былтыр пайдалануға берілсе, 4-і осы жылға өтпелі боп табылған.

 «Жол жөндеу жұмыстарын жүйеге келтіру мақсатында, бүгінде жөндеуді талап ететін жол учаскелерінің басымдылығына қарай 2019-2021 жылдарға арналған Жол-картасы әзірленіп, бекітілді. Онда қаралған іс-шаралармен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесін 2019 жылы - 85 пайызға, 2020 жылы - 91,2 пайыз, 2021 жылы - 96,2 пайызға жеткізу көзделген.

 Жоспарлы межеге жету үшін 2019 жылға республикалық және облыстық бюджеттерден 9,7 млрд.теңге бөлінді. Бөлінген қаржы есебінен 355 шақырымдай жол жөндеумен қамтылады»,- дейді салалық басқарма басшысы Бақытжан Жәнібеков.

  Басқарма басшысы көлік саласы бойынша атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.  Оның айтуынша, елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту мәселесі толығымен шешілген. Облыста салынуы көзделген  5 автостанцияның мәселесі де өз шешімінт тапқан.

 Айта кетейік, бүгінде өңірде  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында интеллектуалды көлік жүйесінің жобаларын іске асыру бойынша жол картасы бекітілген. Жол картасында қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесін енгізу бойынша тиісті шаралар ағымдағы жылдың маусым айынан бастап қолға алынбақ.

 

 

Автор: Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Қоғам, Көлік, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай