Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 375.95
EUR 425.80
RUB 5.74
CNY 55.94

Жамбылда 16 жастағы қызға іздеу салынды

2018 жылдың 8 қараша 2018 07:29 576

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл полициясы із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облыстық полиция департаментіне қарасты қылмыстық полиция басқармасы 2002 жылы туған А. есімді Қордай ауданының тумасына іздеу салады, - делінген полиция хабарламасында. - Ол 27 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бүгінге күнге дейін табылмай отыр. Белгілері: бойы - 160-165 см, арық та, толық та емес, орташа, шашы қысқа, қара. Маусымға қарай киінген».

Полициядағылар қыздың психикалық дертке (шизофрения) шалдыққанын атап өтті.

«А-ның қайда екенін білетін жан болса, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе мына телефондар арқылы Жамбыл облыстық полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасына хабарласуын өтінеміз - 8 (7262) 99-71-21, 8 (7262) 99-71-49, 8 (7262) 99-71-86 немесе 102», - дейді Жамбыл ОПД ҚПБ өкілдері. 

 

 

 

 

Автор: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай