Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Жамбылда 100 мыңнан астам жұмысшының жалақысы өсті

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 18:27

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан бастап жамбылдық 100 мыңнан астам қызметкердің айлығы 1,5 есеге өсті. Бұл аймақтағы барлығы 345 мың жұмысшының 34 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі бюджеттік мекемелерде еңбек ететін 40 мыңдай жұмысшының жалақысы орташа есеппен 35 пайызға көтерілді. Ал, ең төменгі айлық Жолдауда жүктелген межеге сәйкес 42 500 теңгеге өсті. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік жәрдемақылар 2 есеге дейін ұлғаймақ.

«23 кәсіпорын жұмыскерлерінің айлығын көтеріп отыр. Нәтижесінде бүгінгі күні облыс көлемінде жеке 1 609 кәсіпорында 20 900 жұмысшыға 42 500 теңге жалақы төлейтінін растады. 28 мыңнан 42 500-ге көтерілді», -дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов.

Айта кетейік, жаңа жылдан бастап еліміз бойынша 2 миллион жұмысшының айлық жалақысы көтерілген. Ол Қазақстан аумағында еңбек ететін азаматтардың үштен біріне тең.

Жоғары қарай