Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Жамбыл облысында жыл басынан бері дінмен байланысты 34 құқықбұзушылық анықталды

2019 жылдың 21 тамыз 2019 08:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Жамбыл облысының полицейлері діни саладағы 34 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.

Соның ішінде 16 дерек іргелес мемлекет азаматтарының ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті заңсыз кіргізуімен байланысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың полиция департаменті ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп ҚР аумағына қазақстандық сот тыйым салған діни мазмұндағы әдебиетті кіргізу деректерін анықтау бойынша тұрақты түрде шаралар өткізеді.

Экстремистік сипаттағы барлығы 27 кітап алынды, ҚР ӘҚБтК 453 бабы (ҚР аумағына тыйым салынған экстремистік әдебиетті кіргізу) бойынша Қырғызстан Республикасының 14 азаматы, Ресейдің бір және Өзбекстанның бір азаматы әкімшілікке жауапқа тартылды. 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Мысалы, экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері еліміздің аумағына кірмек болған Қырғызстанның 52 жастағы азаматшасы ұсталды. Одан экстремистік мазмұндағы әдебиет табылды. Аталмыш дерек бойынша экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 453 бабына сәйкес хаттама толтырды, ал Меркі ауданының соты көршілес елдің азаматшасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Дін, Заң,
Жоғары қарай