Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам ажал құшты

2019 жылдың 21 ақпан 2019 19:15

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасына куә болған азаматтардың хабарласуын сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 ақпанда 7.45-те Тараз-Мырзатай тасжолында, Байзақ ауданы Көктал ауылынан бір шақырым қашықтықта жол-көлік оқиғасы болды. «Nissan Maxima» көлігінің жүргізушісі Тараздан Мырзатай ауылына қарай бара жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолақтағы көлікпен - «Audi-80» маркалы автомобильмен соқтығысты», - деді полицияның баспасөз қызметі.

Соқтығысу салдарынан «Nissan Maxima» автокөлігі өртке оранған. «Audi-80» жүргізушісі мен үш жолаушы сол жерде қаза тапты.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі.

Автор: Галина Скрипник

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға,
Жоғары қарай