Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары туралы

2020 жылдың 6 сәуір 2020 18:08

Жамбыл облысында COVID-19 алты жаңа жағдайы анықталды
6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алты жағдайы анықталды. Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылғы Қордай ауданының тұрғындары.
Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.
Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр.


Басты сөздер:
Жоғары қарай