Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Жамбыл облысында қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды

2019 жылдың 22 қазан 2019 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында заңсыз қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап.

«2019 жылы 21 қазанда шамамен сағат 11:30-да «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мен жергілікті полиция қызметінің инспекторлары рейд шарасын жүргізіп, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында заңсыз үш қарақұйрық атқан Тараз қаласының екі тұрғынын ұстады. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 337-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ресми хабарламада.

Қарақұйрық Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оның бір басы үшін келтірілген залалды өтеу ставкасы 400 АЕК – 1 010 000 теңгені құрайды.

Жоғары қарай