Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Жамбыл облысында екі аптада тапсырылған қару-жарақтың құны 9 млн теңгеге жуықтайды

2019 жылдың 30 сәуір 2019 22:33 906

 ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында арнайы акция аясында жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрайтын  161 бірлік қару тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар сатып алу акциясы жалғасуда. Осы акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 11 миллион  168 мың теңге қарастырылған.

Облыстық полиция департаментінің мамандары акция барысында атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарын тапсырған адамдар  әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтады.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше екі аптада құны 9 миллион теңгеге жуық  болатын қару-жарақ тапсырылыпты.

«Бүгінгі күні заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсыруға ниетті  тұлғалардан  101 өтініш түсіп, барлығы 161 қару тапсырылды. Олардың ішінде 18 калибрлі винтовка 5,6 мм және 143 тегіс ұңғылы және 1 шолақ мылтық бар.  Тапсырылған  қарулардың жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрап отыр. Ал тапсырған азаматтарға  бүгінгі таңда 3 миллион 141 мың 100 теңге төленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

  

 

 

Автор: Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Қоғам, Заң,
Жоғары қарай