Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Жамбыл облысында дала өрті кезінде 50 гектардағы сексеуіл жанып кетті

2019 жылдың 15 тамыз 2019 09:23

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында дала өртеніп, 50 гектар аумақтағы сексеуіл ағаштары мен шөп жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысындағы Ақкөл орман шаруашылығына қарасты Шабақты жерінде ірі өрт болды. Тілсіз жаудың салдарынан ауқымы 50 гектар қураған шөп пен сексеуіл ағаштары жанып кетті. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен үш күн бойы арпалысты. От төңірекке лезде тарап, маңайдағы бірнеше шаруа қожалыққа қауіп төндірді. Өртті ауыздықтауға жергілікті еріктілер тобы мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.

«Қазір өрт толықтай сөндірілген. Айта кету керек, облыста жыл басынан бері 11 дала өрті тіркеліп, 37 мың гектар жер жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша қоршаған ортаға 3 миллион теңгеден астам шығын келіп отыр. Өрттің көп жануына аумақтың сусыз болуы және қатты желдің себепші болды. Өрт сөндіруге жалпы 6 техника, 60 адам жұмылдырылды», - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі Талас Назаров.

Жоғары қарай