Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Жамбыл облысында білім нысандары 100 пайыз видеокамерамен қамтылады

2019 жылдың 19 ақпан 2019 02:48 1559

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылда биыл білім нысандары 100% пайыз видеобақылау камераларымен жабдықталады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының XXIV кезектен тыс конференциясында айтылды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Конференцияда баяндама жасаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауының Жамбыл облысында іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

Бекболат Серікбекұлының айтуынша, Жолдауға сәйкес, Жамбыл облысында 1 қаңтардан бастап, 42 мың теңгеден төмен жалақы алатын бюджеттік ұйымдардағы 39 626 қызметкердің және жеке кәсіпорындардағы 21 мың жұмыскердің жалақысы көтерілген. 2000-ға жуық кәсіпорында еңбек ететін 50 мыңға тарта адамның жалақысы орта есеппен 20 пайызға өскен.       

Жолдаудағы тапсырмаға сай өңірдегі білім нысандарын бейнекамерамен жабдықтау  жұмысы былтыр 97 пайызға орындалса, биыл бұл көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

«Өткен жылдың аяғына дейін елімізде 8-16 жас аралығындағы оқушылар үшін 1000 мектепте ІТ сыныбы ашылып, онда жалпы саны 450 мың баланы оқыту жоспарланған болса, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында 14 ІТ сынып, 1 ІТ-лицей ашылған. Бұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады», - деді Б.Орынбеков.

Айта кету керек, конференцияның күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер - «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы. Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» және партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері туралы партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов хабарлама жасады. Ол өз сөзінде партия 20 жылдық тарихында елімізде атқарылған қыруар істердің басы-қасында болып, 20 жылдық қалыптасу кезеңінде өзінің мықты құрылымдары мен берік стратегиялық мақсаттары арқасында еліміздегі ең беделді, ең ірі саяси күшке айналғанын атап өтті.

 

 

Жоғары қарай