Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Жамбыл облысы медициналық нысандармен 100% қамтылған

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында соңғы екі жылда 95 елді мекенде 95 амбулаториялық медициналық нысан салынып, мәселе 100% шешілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Проблема туындаған кезде республикалық деңгейде айтып қана қоймай, жергілікті деңгейде шешу жолдарын қарастыру керек. Соңғы жылдары орта есеппен 9-10 нысан ғана бюджет есебінен салынды. Егер осылай бюджет есебінен ғана салатын болсақ 95 елді мекен мәселесін шешу үшін кемінде 9 жыл керек», - дейді облыс әкімі.

Облыс басшысы егер бюджет есебінен салатын болса бір медициналық пунктің құны 65 млн теңге, ал амбулаторияның құны 95 млн теңге болатынын айтты.

«Біз жекелей мекемелерді тарта отырып, қалған медициналық нысандарды нарықтық бағадан әлде қайда төмен бағаға - 35 млн теңгеден салдық. Қажет деп тапса бұл тәсілді басқа өңірлер де қолдануға болады, біз құжаттарымызды көрсетуге дайынбыз», - дейді ол.

Жоғары қарай